Алдағы 7-8 айда Қазақстанда мұнайдан түскен табыстың барлығы ұлттық қорға аударылады. Президент Назарбаевтің айтуынша, бұл кейбір ыстық бастылардың мұнайдан түскен қаржыны таратып беру керек деген ұсынысқа жауап.
«Атамекен» кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі Берік Әбдіғалиевтің бұл мәселеге өзіндік көзқарасы бар:
- Бұл қызық ұсыныс, егер мұнайдан түскен табысты даму үшін, несиеге беріп отырса.
Бұл шара индустриялды-жаңартпа жобаларымен құрылыстың дамуына септігін тигізуге тиіс. Бірақ, индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, индустриялық жоспар ішінде кластерге көп көңіл бөлінген, бірақ, кейбір кластер құруда қиыншылықтар байқалады. Мысалы, ішкі базарда металл бағалары экспорттық бағадан әлдеқайда қымбат, ал, «МитталстилТеміртау» кәсіпорнының басшылығы екі бағаны теңестіруге әзірге келіспей отыр, дейді индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев.
Сондай-ақ, осы жиында шикізаттан тыс салаларға жатқызылатын құрылыс саласына көп көңіл бөлінді. Президент Назарбаевтың айтуынша, қаражаты бар 60 мың адам үй салуға мүмкіншілігі болғанымен, жер ала алмай кезекте тұр. Назарбаев осы адамдарға жерді тегін беріп, мемлекет атынан ол жерлерге инженерлік коммуникация жүргізу керек деген ұсыныс жасады. Сонда Қазақстанда сырттан инвестиция енгізбей-ақ, 60 мың жаңа үй салуға болады, деді ол.
Ал, мұнайдан түскен табыс басқа мақсаттарға жұмсалуға тиіс. Президент осы жиында «Қазмұнайгаз» компаниясына дереу мұнайхимия кешенін салуға тапсырма берді, болашақта Қазақстанда осындай 8 кешен салу жоспарланған.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін, әлемдік банктің Қазақстандағы өкілі Педро Родригес Қазақстанға Голланд ауруы кесірін тигізуі мүмкін деген болатын. Мысалы, Қазақстанда мұнайхимия өнімдерін өңдеу саласы жоқтың қасы, оны Норвегиядағыдай дамыту керек, дейді экономист. Ал, осы шаралардан кейін дами түсетін кәсіпорындар үшін президент табысқа салынатын ортақ салық енгізуді тапсырды. Өйткені, осы уақытта бұл салық кейбір кәсіпорындар үшін 5 пайыз болса, басқаларына 20 пайыздан келген, ал, бұл өз кезегінде салық органдары арасында жемқорлыққа әкеп соққан, деді президент Назарбаев. «Атамекен» кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі Берік Әбдіғалиевтің бұл мәселеге өзіндік көзқарасы бар:
- Бұған дейін мемлекет қолдау ретінде салықты төмендеткен, ал, өндірушілерге ескі салықты қалдыру жоспарланған, сондықтан бұлда бір амалдары шығар.
Ал, Қазақстан премьер-министрі Даниял Ахметовтың айтуынша, Қазақстанда ядролық, ғарыштық және биотехнология салаларын дамытуға едәуір қаражат бөлініп отыр.