НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Еуропа елдерінің Босниядағы бітімгершілік күштерінің мандатын тағы 1 жылға ұзартты. Бұл Қарар Босниядағы 1992/95 жылдары болған ұлтаралық соғысты тоқтатқан “Дэйтон бітімінің” 10 жылдығына байланысты бірауыздан қабылданды. Бұл Қарар, сондай-ақ, Еуропа елдерінің Босниядағы 6.5 мыңдық бітімгершілік күшіне көмек беріп жатқан НАТО штабының мандатын да кеңейтеді. Аталмыш құжатта соғыстан кейінгі бірқатар Боснияның жетістікке жеткені, алайда “Дэйтон бітімінің” әлі толық жүзеге аспағаны атап көрсетіледі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты