Accessibility links

Қазақстан елбасы елде діни мейрам күндерін мерекелік демалыс күні етіп жариялауды ұсынды


Қазақстанда Мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің бірінші күндерін және Христиандардың Рождество мейрамын мерекелік демалыс күні жасау ұсынылды. Бұл туралы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ұйымының 10 жылдығына байланысты өткізілген форумда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады. Сондай-ақ, осы жиында Қазақстан халықтарының ескерткішін құру ұсынысы жасалды.

Қазақстан президенті Нұсрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, елдегі екі ірі діни конфессия ұсынысымен Құрбан айт мерекесінің бірінші күндерін және Христиандардың Рождество мерекесін мерекелік демалыс күні жасау керек.

Қазақстандағы Шешен диаспорасының жетекшісі Ахмед Мұрадовтың айтуынша, құрбан айт кезінде бар әлем мұсылмандары дем алады, ал, христиан рождествосыда мұсылмандарға жақын, өйткені, бұл орайда Иса пайғамбар туралы айтылады, дейді ол.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, егерде Ассамблеяның барлық мүшелері қазақ тілімен дәстүрін біліп таратуда белсенділік таныста, бұл барлық қазақстандықтардың бірлігіне әсер етеді.

Ал, Қазақстан халықтарының Ассамблеясының мүшесі тіл маманы Асылы Османованың айтуынша, бұл орайда елдегі көптеген ұлттар мемлекетке қайтарым жасамай отыр:

- Қазақстанға мемлекеттік тілді өз торына қондыру керек, осы Ассамблея оған үлес қосуы керек, бірақ, ол қоспай тұр.

Қазақстандағы Шешен диаспорасының жетекшісі Ахмед Мұрадовтың айтуынша, елдегі өзге ұлттар мемлекеттік тілді біліуі шарт, бірақ, қазақтардың өз тілін елемейтіндігі бізге түсініксіз дейді ол.

Қазақстан президенті Нұсрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанда 130 ұлт өкілдерімен 45 діни кофессия бар. Оның сыртында, елде 100 этникалық мектеп жұмыс істейді, яғни, барлық ұлттарға жағдай жасалған, деген пікірлер айтылды. Ал, оппозиция өкілі Серікбай Әлібаевтың айтуынша, Қазақстанда көптеген қазақтардың жағдайы мүшкіл:

- Қазақстандықтардың 43 пайызы ауылда тұрады, ал, ондағы жағдай нашар, ал, қаладағы құрылыста жүрген қазақтар соғыс жағдайындағыдай тұрады.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясының мүшесі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, керісінше, елдегі жағдай жөнделіп келеді. Сондықтан, қазақтар саны көбейіп барады, бірақ, әліде бұл көрсеткіштер ойдағыдай емес, дейді ол:

- Осы жылдың аяғында қазақтардың саны 9 миллионға толады, ол 60 пайыз, бірақ, 70 пайызға жетпей, саны 10 миллионаннан аспайғ унитарлық мемлекет ұстап тұру қиын.

Бірақ, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, шет елге кетіп жатқан басқа ұлт өкілдерінің ішінде Қазақстанға қайтып келіп жатқандары басым деген сөз өтірік. Қазақстанда басқа ұлттар арасында миграция әліде бар, дейді ол:

- Немістер, орыстар, украиндардың ішінде келгендерінен кеткендері көп, мысалы 20-30 мың неміс қазір көшіп кетіп жатыр.

Ал, жиын соңында Ассамблея мүшелерінің бірі Қазақстан халықтарының ескерткішін құру ұсынысын жасады. Президент Назарбаев бұл ұсынысты қолдап, дереу жобалау жұмысына кірісу керек, деген пікірін білдірді.
XS
SM
MD
LG