Accessibility links

Ресейде жас әйелдер мен балалар арасында ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны артып барады


1991 жылы Совет одағы құлаған кезде ресейліктердің көпшілігі ВИЧ инфекциясы немесе СПИД індетіне шалдықпаған еді. Енді БҰҰ-ның хабарламасына қарағанда, содан бергі 15 жылдай ғана уақыттың ішінде бұл дерт Ресейді кеңінен жайлап барады екен. Ресей билік басылары бұл эпидемиямен күресіп, оның, әсіресе балалар арасында кеңінен таралмауы шараларын қарастыруда. Бірақ бұл ретте осы кеселге ұшырағандар мен олардың отбасыларына деген қоғамдағы көзқарас пен қарым-қатынас тұрғысында проблемалар баршылық.

Калининградта туып-өскен Тамара Мананникова ВИЧ инфекциясына шалдыққан үш жасар Светлана есімді қызды асырап, бауырына салып алғанға дейін, елдің ішінде өзін еркін сезінетін, қай жерде де оны құшақ жая қарсы алатын. Кішкентай сәби Светланаға қорғаныш қабілетінің жетімсіздігі немесе ВИЧ инфекциясы осындай дертке ұшыраған оның туған анасынан жұққан. Тамара бүлдіршінді асырап алған кезде алда оның науқасына байланысты күрделі жайттар кездеседі деп ойламаған еді. Светлана қазір бала-бақшасына бара алмайды, аулада өзі құралыптас балалармен емін-еркін ойнай алмайды.

- Өткен жылы біз Мәскеуде неврологияда қараламақшы болдық, бірақ бізге онда қарала алмайсыңдар деген жауап берілді, өйткені қызымда ВИЧ болғаны үшін ғана. Логопед бізге келгенде маска, қолғап киіп келді, оған тек скафандр жетпей тұрды. Біздің үкіметке, мемлекетке қайрылып, мұндай жағдайда алдын-алу шаралары өте аз жүргізілетіндігін айтқым келеді, - дейді Тамара.

Кішкентай Светлананың басындағы оқиға бүкіл Ресейге тән жайт десек болады. ВИЧ инфекциясы Ресейге кештеу келді. Бұрынғы Совет одағында алғашқы ВИЧ ауруы 1987 жылы тіркелген болатын. Ал бүгінде Ресейдің өзінде ғана 330 мыңнан астам адамда осы дерттің белгілері табылған. Бірақ кейбір дерек көздері болса, бұл науқасқа шалдыққандар 1,5 миллиондай болады, демек Ресей тұрғындарының 2 проценті дейді. БҰҰ-ның 21 қарашадағы баяндамасында ВИЧ жұқтырағандардың 10 процентке жетпейтіні ғана дәрігерлік ем-шаралар қабылдайды деп жазылған.

1990 жылдардың орта шенінде ғасыр індетінің кең етек алуына жастар арасында тамыр арқылы есірткі қабылдаудың өрши түскендігі бірден-бір себеп болды. Ал кейінгі жылдарда жас әйелдер мен балалардың арасында ВИЧ-ке шалдыққандар жиі кездесетіндігі әдепкі көрініске айналып барады.

БҰҰ-ның хабарламасындағы деректерге қарағанда, Ресейде ВИЧ кеселі бар аналарадан күніне 20 сәби дүниеге келеді екен. Кейбір аймақтарда аяғы ауыр әйелдердің 1 проценттен астамында ВИЧ инфекциясы болып шыққан. ЮНИСЕФ балалар қорының Ресейдегі өкілі Карел де-Рои ВИЧ инфекциясын жұқтырған балалар үшін олардың денсаулығы ғана емес, олардың оқып-білім алуы да күрделі мәселе деп атап көрсетеді.

- 2004 жылы ЮНИСЕФ Ресейдің 89 облысының 10 аймағында мемлекеттің ВИЧ науқастарына деген қарым-қатынасын зерттеді, сонда біздің білгеніміз, ВИЧ-пен ауыратын бірде-бір балабақшаға, негізінен мектепке қабылданбаған. Міне, мұның өзі дабыл қағарлық ең жаман көрініс, қазірдің өзінде көп жұмыстар жасау керектігін байқатады.

Денсаулық мамандары бұл ретте көптен бері дабыл қағып келеді, алайда аталған эпидемияға мемлекет тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей отыр, бөлінсе де, ол тым баяу жүргізілуде. 2005 жылы Ресейдің федералдық бюджетінен ВИЧ инфекциясын бақылау, оның алдын-алу, емдеу шараларына арналып, 4,5 миллион доллар бөлінді. Бірақ, мұның өзі де онашлықты жеткілікті болып көрінбейді.

Осы қараша айының басында журналистер алдында сөйлеген сөзінде Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Владимир Стародубов СПИД індеті "ұлттық басты бағыт" деп атап, Ресейде онымен күрес жолында жасалып жатқан шаралардың тым аз екендгін айтқан болатын. Сонымен бірге Стародубов үкімет келесі жылдың аяғына қарай ВИЧ инфекциясын жұқтырған 15 мыңнан астам науқасқа емдеу шараларын жүргізуді межелеп отыр деген. Мұнымен қатар Ресей ВИЧ/СПИД дерті жөнінде ел ішіндегі сауатсыздықты жоқ үшін медицина институттарының студенттері мен дәрігерлерді жұмылдыра отырып, бірқатар науқандар өткізбекші. Осы кезге дейін Ресейде СПИД дертінен көз жұмған адамдар саны 7500-дей болады. Бірақ сарапшылар болса, бұл көрсеткіш жақын жылдардың өзінде бірнеше есеге өсіп кетуі мүмкін дегенді айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG