Accessibility links

Ирақтағы үш үлкен қауымдастық жетекшілері Буш әкімшілігін Ирақтағы американ және басқа да шетелдік әскерлердің шығарылу мерзімін белгілеуге шақырды


Осы аптада Ирақтағы шийт, сүннит, күрд қауымдастықтары Мысырдың Қайыр қаласында бас қосып, бірауыздылық пен ұлттық бейбіт қарым-қатынас орнатып жұмыс жасауға уағдаласты. Онда жасалған ресми мәлімдемеде, олар АҚШ президенті Джордж Буш әкімшілігін Ирақтағы американ және басқа да шетелдік әскерилердің шығарылу мерзімін белгілеуге шақырды. Олардың бұл үндеуі - Құрама Штаттар Конгресінің кейбір мүшелерінің де, Ирақтан жасақтарды шығару жөнінде білдірген осындай ойларын Буштың бірнеше рет қабылдаудан бас тартып отырғанымен тұспа тұс келіп отыр.

Президент Буш Ирақ елі өзін қорғай алатындай біріншіден өз армиясын құрып алу керек дегенді айтып, американдық әскерлерді бұл елден шығару мерзімін белгілеу жөніндегі пікірлерді қабылдаудан ұзақтан бері бас тартып келеді. Буш сондай-ақ, ол кестені жасау бүлікшілердің Ирақтан әскерлердің толық шығарылуын күтіп, одан кейін бұл елдің қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасауына жол ашады деп айтады. Дегенмен, қарашаның 21-дегі Қайырда өткен Ирақтағы ең үлкен үш бірдей қауымдастық жетекшілері Буш әкімшілігін шетелдік әскерлердің шығарылуы үшін арнайы кесте жасауға шақырды. Ал, көтерілісшіл топтар бұл кездесуге қатыспаған.

Десе де, Қайырда қол жеткен бірлескен бұл ресми хабарламада, қандай кесте болса да, ол Ирақтың қауіпсіздік күштерін қайта құру үшінгі қажетті ұлттық бағдарламаға байланысты болуы тиіс делінген. Бұл тұрғыда ол айтылған ескертулер президент Буштың Ирақтан шетелдік жасақтар шығарылғанға дейін бұл елдің өз әскери күші дайындықта болуы қажет деген сөзімен ұқсас болып отыр. Бұл жайында Таяу шығыс форумындағы шетелдік байланыстар Кеңесінің жетекшісі Жудис Киппер «Азаттыққа» берген сұхбатында Буш әкімшілігі мен ирақтықтар әскер шығару стратегиясына түрлі жолмен қарап отыр деген.

“Құрама штаттардың кесте мәселесіне қарайтын бірнеше түрлі себептері бар. Оның бірі-АҚШ әскерінің жағдайы мен Ирақтың іші мен сыртындағы жасақтардың ең көбін алмастырып тұру қажеттілігі. Ирақтықтар үшін барлық шиеленістер олардың көзқарастарындағы түрлі саяси мәселелерге қарамастан, шетелдік күштердің кеткенін қалайды, өйткені бұл өздерінің елі. Және мен біз бұл мәселеге араласпауымыз керек деп ойламаймын. Менің пікірімше, проблеманың бір тұсы - біз ирақтықтардың арасынан кетуіміз керек”, - деді ол.

Киппердің сөзіне қарағанда, Қайырда жасалған бұл мәлімдеме Бушқа тікелей талап қойып отырған жоқ. Нақтырақ айтқанда, бұл 15-ші желтоқсанда өтетін парламенттік сайлау алдында үш партияның тез арада өз айырмашылықтарын артқа тастап, шектелген бірақ нақты жетістікті көрсету жолы дегенді айтады. Бұл Қайырдағы басқосулар АҚШ-тың қолдауымен, Араб Лигасының ұйымдастырумен өткен болатын. Киппердің айтуынша, Қайыр мәлімдемесі басқа да мәселелерді қозғаған. Оның бәрі Араб лигасының Ирақ пен оның көрші елдері арасындағы жағдайларын реттеуге сәтті көмектескенін көрсетеді деген.

“Ирақтықтар үшін бұл араб саясатының ішкі және сыртқы жағдайы, және ирақтықтар мен арабтар арасындағы ұзақ мерзімді ықтимал достық қарым-қатынасқа қарай қадам әрі бұл сонымен қатар ирақтықтардың бір-бірімен тіл табысуы. Бұл алдағы сайлау кезінде болатын ең маңызды жағдай”, - дейді Киппер.

Ал, Таяу Шығыс бойынша тәжірбиесі мол, АҚШ мемлекеттік және қорғаныс департаментінің бұрынғы сарапшысы Энсони Кордсмен де жоғарыда айтылған пікірмен келіседі.

Дүйсенбі күні Ирақтың ішкі істер министрі Баян Жабр, 2006 жылдың соңында елді қорғай алатындай Ирақтың өз әскері дайын болуы керек деп айтқан. Бірақ, Кордсменнің оған сенімі аз. Ол сондай-ақ, ирақтық соғысушы бөлімшелер тез дамып жатқанымен, ол топтарды қолдау жөніндегі жаттықтырулар баяулап қалғанын айтады. Және оның пікірінше, Ирақтағы күрес негізінен саяси тұрғыда және келесі айдағы сайлауда қандай үкіметтің орнын басатыны жайлы айту әлі ертерек.

Сондықтан Кордсменнің айтуынша, Буш әкімшілігі үшін саяси және әскери себептерге байланысты АҚШ әскерінің шығарылу мерзімінің тіпті алғашқы кестесін белгілеу әлі ерте болмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG