Сайлаушылар бюллетенін конвертпен бірге қолдану дамыған мемлекеттердің тәжірибесінде бар. Бірақ Қазақстанның сайлау туралы заңына сәйкес, сайлаушылар бюллетенді конверттің ішіне салып дауысын береді деген бап жоқ. Заңда тек сайлау бюллетені деп көрсетілген. Алайда осыған қарамастан қарашаның 18-де Орталық сайлау комиссиясының сайлаушылардың құпия дауыс беру құқығын сақтау үшін бюллетендерді конвертке салып беру жөніндегі қаулысы шықты.
Енді осы қаулы бойынша «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының мүшесі, президенттікке үміткер Жармахан Тұяқбайдың сенімді өкілі Ораз Жандосов Жоғарғы сотқа Орталық сайлау комиссиясының үстінен арыз түсірді. Онда ол Жоғарғы соттан Орталық сайлау комиссиясының 18-қарашадағы қаулысының күшін жоюын талап етіп отыр. Ораз Жандосовтың адвокаты Мәриям Қабденованың айтуынша, дамыған мемлекеттерде оның ішінде АҚШ-та бюллетендермен бірге конверттерді қоса пайдаланатыны рас.
«Бірақ, Қазақстан Америка емес. АҚШ-да сайлау барысын қоғам тарапынан бақылау бір жолға қойылған. Оларда билікті бақылап отыратын қоғамдық комитеттер жақсы жұмыс істейді. Қаншама ғасырлар бойы демократия жағынан үлгі болып келе жатқан АҚШ-ты Қазақстанмен салыстыруға келмейді», - дейді заңгер Мәриям Қабденова.
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының мүшесі, заңгер Мариям Қабденованың сөздеріне қарағанда өткен жылы Парламент сайлауы кезінде конверттердің ішіне жергілікті әкімшіліктердің алдын ала дайындап қойған бірнеше бюллетендерін салып жіберу заңсыздықтары орын алған. Сонымен бірге бұл бақылаушылардың, сенімді өкілдердің сайлау барысын бақылауына кері әсерін тигізетіндігін айтады Мәриям Қабденова.
Ал Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековтің айтуынша, өткен жылдан бері жаңа қабылданған сайлау заңына сәйкес сайлау жәшіктері шыныдан жасалынады.
«Ал бұл сайлаушылардың құпия дауыс беру құқығына нұқсан келуі мүмкін. Өйткені, бюллетендерді шыны жәшікке салған кезде кімге дауыс бергені көрініп қалады. Сондықтан да сайлаушылардың құқығын қорғау үшін бюллетендерді конвертке салып беру жөнінде шешім қабылдадық», - дейді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
Бірақ Оңалсын Жұмабеков сайлаушылар бюллетенді конвертке салып бере ме, жоқ па, оны сайлаушылардың өздері шешеді деп отыр. Ал президенттікке үміткер «Ақ жол» партиясының жетекшісі Әлихан Бәйменовтің сенімді өкілі Қалиахмет Бимахимов, «ең басты қауіп - конверттен гөрі әлгі электронды сайлау жүйесі» деген пікір айтады. Конвертке қатысты Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков «сайлау күні арандатушылық жасаймын деген адамдар сылтау табамын десе табады», дейді.
Ал «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының мүшесі, заңгер Мәриям Қабденова болса:
«Бюллетендерді конвертке салып беру бұл сенімді өкілдердің, бақылаушылардың құқығы бұзылғандығы деп білеміз», - дейді.
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының арыз-шағымына байланысты сот отырысы алдағы дүйсенбіде өтеді.