Accessibility links

Бүкіл дүние жүзі елдерінде әрбір 6 әйелдің бірі зорлықтың құрбаны болды


ЖЕНЕВА. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гендерлік зорлық-зомбылықты жою үшін бүкіл әлемдегі жәбір көрген әйелдердің проблемасын бірінші кезекке шығарып отыр. Әлемнің 10 еліндегі 24 мың әйелмен өткізіліген сұхбат негізінде жасаған соңғы баяндамасында, аталмыш ұйым, бүкіл әлемдегі әрбір 6 әйелдің бірі отбасындағы зомбылықтың құрбаны болатынын атап көрсетті. Осы ұйымының зерттеуі әйелдердің көбіне сыртта емес, өзінің отбасында жәбір көретінін және үй ішінде көрген зомбылықты әйелдердің көбіне “үйреншікті құбылыс” деп қабылдайтынын анықтады. Өзге әйелдер отбасындағы жағдайды “күлкі боламын” деп жасырады екен. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдері мен олардың үкіметтерін бұл проблеманы дереу қолға алуға шақырды.
XS
SM
MD
LG