Accessibility links

Ауғанстан – әлі де бүкіл әлемдегі апиынның 80 проценттен астамын шығарады


НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ Ауғанстандағы апиын өндірісінің азайғанын хабарлайды. Ұлттар Ұйымының баяндамасында келтірілген мәлімет бойынша, апиын өндірісі - 2001 жылдан бері қарай алғаш рет 2004 жылмен салыстырғанда 2.5 процентке кеміген. Көкнәр алқабының көлемі 131-ден 104 мың гектарға дейін қысқарған және 2005-інші жылы 50 мыңға жуық шаруашылық көкнәр егуді қойған. Ауғанстан – көкнәрдан алынатын апиын өндіруден бүкіл әлемде жетекші орын алады. Оның үлесіне әлемдегі барлық апиынның 87 проценті тиеді.
XS
SM
MD
LG