Accessibility links

Израиль премьері парламент сайлауына жаңа “Қадима” (“Алға”) партиясын бастап барады


ТЕЛЬ-АВИВ. Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон жаңа саяси партия құрып, оның өкілдері бүгін оны “Кадима”, яғни “Алға” деген атауымен ресми түрде тіркетті. Жаңа партия – А.Шарон бастаған 140-тан астам құрылтайшы мүшесінен тұрады. Израиль баспасөзінің хабарлауынша, “Кадима” партиясы алдағы парламент сайлауына “Шарон – бейбітшілік үшін қауқары лидер” деген үндеумен шығатын сияқты. А.Шарон – Газа аймағынан еврей қоныстарын көшіріп, армияны шығаруына байланысты бір кезде өзі құрған “Ликуд” партиясынан шықты. Ол 28-інші наурызға тағайындалған кезектен тыс парламент сайлауына дейін үкімет басында қалады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG