Accessibility links

Баспасөзге шолу. 11.24.2005 жыл


Бейсенбі күнгі жарық көрген басылымдарда алдағы Президент сайлауының алдындағы саяси ахуалға байланысты сараптамалық мақалалар жарық көріпті. Кейбір тәуелсіз басылымдардың келтірген деректеріне жүгінсек, белгілі оппозиционер Заманбек Нұрқаділовтың өлімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың беделінің күрт төмендеп кетуіне өз әсерін тигізген. Олардың сараптамасына сүйенсек, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің басшысы мен Ішкі Істер Министрінің Заманбек Нұрқаділовке байланысты таяуда жасаған мәлімдемелері де Нұрсұлтан Назарбаевтың беделіне кері әсерін тигізген. Бұл мәлімдемелер елдің арасындағы билікке деген наразылықты күшейтіп жіберген.

“Түркістан” басылымында жарық көрген Есенгүл Кәпқызының “Телесайыс –үміткерлердің рейтінгісін анықтап берді ма” атты мақаласында “Хабар” телернасынан көрсетілген бұл саяси додада бұрын соңды айтылмай келген “Қазақгейт” тақырыбы немесе белгілі оппозиционер Ғалымжан Жақияновтың түрмеде отырғандығына байланысты саяси мәселелердің көтерілгендігі баяндалыпты. Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, қазақстандықтар телесайыстың бұдан гөрі өткірірек, бұдан гөрі ширақ болатындығын күткен көрінеді. Осыған орай автор өз мақаласында бұл сайыс үміткерлердің саяси рейтінгісін анықтап бере алмайды деген қорытынды жасапты.

Бейсенбі күнгі “Капитал” басылымындағы саяси сараптамалық мақалада Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың арасында өткен телепікірсайысты Қазақстан азаматтарының тек 20 процентінің ғана көргендігі сөз болыпты.

“Время” газетіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың бірі Әлихан Бәйменов Мемлекет басшысының телепікірсайысқа қатыспауы биліктің әлсіздігін білдіретіндігін айтыпты. Газет тілшісіне берген сұхбатында Әлихан Бәйменов үлкен қақтығыстарсыз-ақ өзгеріс жасауға болатындығын сөз қылыпты.

“Жас Алаш” басылымының бейсенбі күнгі санында “Президенттің қандай адам болғанын қалайсыз” деген сауал қойылып, зиялы қауым өкілдерінің пікірі беріліпті. Хайдар Алфи есімді аспирант Қазақстанға басшы болуға лайық тұлға мемлекеттің жерүсті, жерасты байлығын игеруде және игіліктенуде ең алдымен осы елдің азаматтарына барлық жағдайды жасауы тиіс деп санайды екен. Жазушы Қалмұқан Исабай болса өзгеріске көп көңіл бөле бермейтіндігін айтып, осы күніне риза екендігін білдіріпті. Ал, аталмыш басылымда жарық көрген Ерік Рахымның мақаласында ауылдарда Жармахан Тұяқбайдың үгіт-насихатшылары оның суретін іліп қойса, белгілісіз біреулердің түнделетіп келіп оны жыртып кететіндігі баяндалыпты.

“Сөз” басылымының кезекті санында ТМД елдеріндегі сайлауды бақылау жөніндегі ұйымның халықаралық ұстанымдырға сәйкес келмейтіндігіне орай, Қазақстанда өтетін саяси додаға қатысу құқығынан айырылғандығына байланысты оның Алматыдағы өкілі Степан Новосельчановпен жүргізілген сұхбат жарияланыпты. Газет тілшісіне берген сұхбатында Степан Новельчанов өздерінің осы саяси процесті қатты бақылауға алуының билікке жақпай қалғандығын және бқл оқиғаның артында саяси астар бар екендігін тілге тиек етіпті.

“Свобода слова” басылымында жарық көрген Гүлжан Ерғалиеваның мақаласында Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың бірі Жармахан Тұяқбай мен оның жақтастарына қарсы қысым көрсетушілік әрекеттерінің жалғасып жатқандығы туралы деректер келтіріліпті.

“Жұма таймс” газетінің бейсенбі күнгі санында жарық көрген бас мақалада белгілі оппозиционер Заманбек Нұрқаділовтың өлімінің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың беделінің күрт төмендеп кетуіне өз әсерін тигізгендігі туралы дерек келтіріліпті. Мұндай қорытындыны “Әлеуметтік технологиялар орталығы” атты тәуелсіз сараптамалық жүйесі жасаған көрінеді. Олардың сараптамасына сүйенсек, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің басшысы мен Ішкі Істер Министрінің Заманбек Нұрқаділовке байланысты таяуда жасаған мәлімдемелері де Нұрсұлтан Назарбаевтың беделіне кері әсерін тигізген. Бұл мәлімдемелер елдің арасындағы билікке деген наразылықты күшейтіп жіберген. Белгілі оппозиционер Ғалымжан Жақиянов “Жұма таймс” газеті арқылы өкінішке қарай 2005 жылдың 4 желтоқсанында өзінің қалаған кандидатына дауыс бере алмайтындығын айтып, Қазақстандағы миллиондаған адал азаматтарды өз дауыстарын оппозициялық күштердің атынан сайлауға түсіп отырған Жармахан Тұяқбайға беруге шақырыпты.
XS
SM
MD
LG