Accessibility links

Химикатармен уланған өзен суы 2 аптаның ішінде Ресейдегі Амур өзеніне келіп құяды


ХАРБИН. Улы химикаттармен ластанған өзен суы бүгін Қытайдың 4 млн.-ға жуық тұрғыны бар Харбин қаласына ағып жетті. Қытай үкіметі улы судың Харбинге бүгін таңертең ағып жеткенін хабарлап, қаланың бүкіл су құбыры жүйесін жабуға нұсқау берді. Бүгін Қытайдың экологиялық комитеті химия зауытының жарылысынан төгілген улы химикаттардың өзен суымен 2 аптаның ішінде Қытай-Ресей шекарасындағы Амур өзеніне келіп құятынын хабарлады. Улы судың қозғалысын бақылау мақсатында Бежин мен Мәскеу өзара тығыз байланыста болуға уағдаласты. Амур өзені өтетін Хабаровск өлкесінде төтенше жағдай енгізілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG