Accessibility links

Европа одағы Жерорта теңізіндегі көршілерімен ынтымақтастық пен реформаларды дамытпақшы


Европа одағы алдағы уақытта оңтүстік шығыстағы көршілерінде демократиялық өзгерістерді дамыту үшін қаржылық көмек-қолдау көрсетуге уәде етіп отыр. Атап айтқанда, Евродақ болашақта заңсыз иммиграция мен лаңкестікке қарсы күреске қосылуға әзірлік білдірді. Евродақ саясатындағы осындай және басқа да басты деген бағыттарды 27-28 қарашада Барселонада өткелі отырған «Еуромед» саммиті алдында Европа комиссиясының президенті Жозе Мануел Баррозо арнайы атап көрсетті. Саммитте Евродақтың 25 елінің жетекшілері мен Жерорта теңізіндегі көршілес 10 елдің басшылары бетпе-бет жүздесетін болады.

Өткенге көз жіберіп, соңғы он жыл ішіндегі Мароккодан бастап Сирияға дейінгі жерорталық көршілерімен ынтымақтастығын Евродақтың өзі күтілгендегідей нәтижелі болған жоқ деп қорытындылайды. Ал ендігі жақын болашақта болса, Евродақ терроризм мен заңсыз иммиграцияға қарсы күресте ынтымақтасып, ең маңыздысы - оған қаржылық қолдау танытпақшы.

Бұл тұрғыда Еврокомиссия президенті Баррозо бейсенбі күнгі Брюсселдегі баспасөз-мәслихатында жаңа қаржылық қолдаудың көздегені саяси және экономикалық реформаларды алға жылжыту деп атап көрсеткен болатын.

«Барселонадағы саммитте біз басқаруды жақсартуға, демократияны нығайтуға, адам хұқтарын құрметтеуге, сондай-ақ бұл жерде менің қосып айтқым келеді, әсіресе әйелдер хұқының қорғалуына жұмсауға келісеміз. Және де Евродақ елдерінен қосымша қаржылық көмек арқылы шын мәнінде реформаға күш салған Евродақ елдеріндегі хұқ нормаларының орындалуына мүдделіміз», - деді Баррозо.

Ресмилердің айтуынша, Евродақ 2000-2006 жылдар аралығында Жерорта теңізіндегі әріптестеріне бағытталған 8 миллиард қаржылық көмекті бұдан гөрі де ұлғайтады дейді. Кейбір дерек көздері бұл көрсеткіш екі есеге дейін артуы мүмкін деген. Десек те, Евродақтың 2007-2013 жылдарға арналған бюджетінде бекітілгенге дейін, бұл мақсатқа көзделген қандай сома болса да ресми боп танылмайды.

Евродақтың сыртқы байланыстар комиссары Бенита Ферреро-Уалднер Одақ алда сонымен қатар жастарға білім беру мүмкіндіктерін де қаржыландыратын болады деген. Бұл дегеніміз әріптес елдердің білім беру жүйелеріне инвестиция салу, мектепті бітірген балалардың Европа университеттерінде оқуына жағдай жасау тағы басқа...

Евродақ бұған қоса Жерорта теңізі елдерінде заңсыз иммиграцияға тұсау салуға да үлес қоспақшы. Барселона саммитінде Евродақ бұл айтылғандармен қатар, лаңкестікке қарсы мінез немесе лаңкестікке қарсы өзін қалай ұстау кодексіне де қол қойылады деп үміттенеді. Демек мұның өзі көршілес елдердің терроризмге қатысты ақпараттарды алмасуы, лаңкестік айыбын жоққа шығару және мұндай әрекеттің бәрінде әділеттілікті қамтамасыз етуге міндеттейді деп атап көрсетті Баррозо.

Баррозо аталған мәселе турасында саммитке қатысатын елдер арасында кейбір көзқарас айырмашылықтары болуына қарамастан, бұл әсіресе Палестина мен Израил елдері туралы, Араб елдерінің терроризмді мойындауына қол жеткіземіз ғой деп үміттенеді.

Баррозо сонымен қатар Евродақтың әріптес елдері Иран президенті Махмұд Ахмаданижедтің Израилды «карта бетінен жоқ қылу керек» деп айтқан ешбір ақылға сиымсыз сөздерін айқын түрде талқылап, айыптауы тиіс дейді. Бұл тұрғыда Бароззо Палестина президенті Махмұд Аббастың айтқандарына көңілі тоғандығын айта келе, бірақ басқа Араб елдерінің жетекшілерінен мұндай қимыл байқалмады деп атап көрсеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG