Accessibility links

Ресей Иранға қажет уранды біз берейік деп отыр


Халықаралық Атом энергетика агенттігі Иран ядролық мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шығару жөніндегі ұсынысты талқылауды кейінге қалдырды. Ресей тарапынан компромисс ұсынысы айтылды, сондықтан санкция қолдану мәселесін талқылау бейсенбі күні кейінге қалдырылды. Ресей Иран уран байтуды жасамасын, Иранға қажет уранды біз берейік деп отыр. Халықаралық Атом энергетика агенттігіндегі өкілдердің бірі Брайтон Питер Дженкис Ресей ұсынысының жөні бар, Иран мұны мұқият қараса жөн, бірақ Иран халықаралық міндеттемелерін орындаса жөн деді. АҚШ пен Еуропа Одағы Иран құпия түрде ядролық қару жасап отыр дейді. Иран мұны жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG