Accessibility links

"Борат Сағдиев" Қазақстан үкіметіне мазақ жауап қайтарды


Қазақстанды АҚШ және Британия телекомпанияларында мазақ етіп көрсететін ұлты еврей британиялық комедиант актер Саша Барон Коуэн Қазақстан сыртқы істер министрлігінің наразылығына жауабын айтты. Саша Барон Коуэн қазақ тележурналисі "Борат Сағдиевтың" нәсілшіл және анайы бейнесін жасап, Қазақстанға тіл тигізіп жүр. Актер Саша Барон Коуэн қараша айының басында МТВ телекомпаниясында тікелей толқында Қазақстанды мазақ етті. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Саша Барон Коуэнді сотқа беруіміз мүмкін деген. Саша Барон Коуэн өзі жасаған "Борат Сағдиевтың" бейнесі арқылы жауап қайтарды бүгін, "Борат Сағдиев бұл еврейді соттау жөнінде Қазақстан үкіметін қолдайды" деді.
XS
SM
MD
LG