Минск. Төменгі палата кімде-кім Беларус туралы жалған ақпарат таратып, рұхсат етілмеген жиындар өткізсе немесе тіркелмеген топтарға қосылса оларға қатаң айып салуды ұсынған заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдады. Беларус Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жетекшісі Степан Сухоренко мұндай заңның қабылдануы Беларустың ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі деп атап көрсетті. Оппозиция өкілдері болса заң жобасына, өз алаңдаушылықтарын білдірді, олар мұндай заң келесі жылы болатын президент сайлауы кезінде саяси процестерді қадағалап, бақылау үшін ұсынылып отыр дейді.
Беларус парламенті кеше Украина мен Грузиядағы сияқты түрлі-түсті төңкерістің алдын алуға бағытталған заң жобасын қолдады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес