Үндістандық миллионер Виджайпат Сингхания әуе шарымен дүниежүзі бойынша ең үлкен биіктікке көтеріліп, әлемдік рекорд жасадым деп мәлімдеді. 67-жасар миллионер Виджайпат Сингхания Бомбей қаласының үстінде бес сағат бойы ұшып, 21 мың 290 метрге көтерілді. Ұшу сапары Үндістан ұлттық теледидарында тікелей толқында көрсетілді. Ұшу барысында қолданылған құралдар Гиннес рекордтар кітабы өкілдеріне бейтарап дәйектеу жасау үшін ресми тапсырылды.