Accessibility links

Газа секторы мен Египет арасында кеше ашылған өткізу бекетінен 1500-дей палестиндік шекарадан өтті


Рафах. Европа одағы бақылау қызметінің басшылығымен шекарадағы бұл қимылдарды Палестина Израилмен арада жасалған келісімге сәйкес бақылауда. Европа қызметінің жетекшісі генерал-майор Пиетро Пистолес шекараның төрт сағатқа ашылуы тараптардың барлығы үшін өзіндік сын деп атап көрсетті:

- Газа секторы мен басқа елдердің арасында желінің ашылуы өте жасы жұмыс. Барлық палестиндіктер шекараның алғашында төрт сағатқа ғана ашылу себебін түсінеді ғой деп ойлаймын. Біз бұл жүйені сыннан өткізуіміз керек, оның жақсы жұмыс істеп, палестиндік кеден қызметкерлері мен Европа одағының қызметкерлері бір-бірін жете біліп, бірлесе достық жағдайда жұмыс істей алғанға шейін, - деді ол.
XS
SM
MD
LG