Accessibility links

Әзірбайжан оппозициясы келер аптада да қарсылық шараларын одан әрі жалғастыратындарын мәлімдеді


Бұл жөнінде Азадлық оппозициялық блогы құрамындағы партия жетекшісі Әли Керімлі мәлімдеген болатын. Қарашаның 6-дағы сайлаулардың заңсыз деп танылуын талап етіп келе жатқан оппозициялық күштер кеше, сенбі күні де қарсылық шерулерін өткізген болатын. Кешегі бейбіт шерулерге бөлінген уақыт түгесіліп, шерушілер тарқар сәтте, осы шараларды ұйымдастырушылар жиналғандарды сайлау қорытындылары жойылды деп жарияланғанға дейін отырған күйдегі ереуіл жасауға шақырған еді. Сол кезде арнайы полиция жасақтары шерушілерді күшпен таратуға тырысты. Оның кесірінен 90 адам жарақат алып, 5 адам 15 күнге қамалған.
XS
SM
MD
LG