Accessibility links

Ирақта шетел азаматтары ұрланды


ОТТАВА. Хабарларға қарағанда, Ирақта гуманитарлық компанияда жұмыс істеген төрт шетел азаматы ұрланды. Ұрланғандардың екеуі Канадалықтар, біреуі Ұлыбритания азаматы, ал төртіншісі АҚШ тұрғыны екен. Әзірше бұл оқиға туралы басқа егжей-тегжейлі хабар түскен жоқ. Басқа да хабарларға қарағанда, Ирақ президенті Жалал Талабани елдің бұрынғы премьер-министрі Аяд Аллауидің Ирақта қазір адам құқықтары жағдайы Саддам Хуссейн дәуіріндегідей нашар деген мәлімдемесін сынға алды. Талабанидің айтуынша, Ирақ халқы қазір барлық демократиялық хұқықтарға ие. Бүгін Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хуссейннің соты одан әрі жалғасады. Хуссейн мен тағы басқа 7 адамға адамдарды жаппай қырды деген айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG