Accessibility links

Шешенстанда болған парламенттік сайлаулар қорытындысы бүгін шығарылмақшы


Алдын-ала қорытындыларға қарағанда кремлшіл партия алда келеді. Сайлау комиссиясы басшысы Исмайл Байхановтың айтуынша, “Бес пайыздық бөгесіннен үш партия өтті. Единая Россия партиясы 60 пайыз дауысқа ие болған. Коммунистік партия 12 пайыз, ал Оңшыл күштер одағы болса 10 пайыз дауыс жинақтаған”. Ресей елбасы Владимир Путин бұл қорытындыларды қызу қуаттауда. Сайлаушылардың 66 пайызы бұл саяси науқанға қатысқан екен. Шешен жікшіл-көтерілісшілері болса сайлауларға бойкот жариялады. Парламенттік сайлаулар Кремльдің Шешен республикасындағы саясатын күшейту үшін өткізілді, дейді олар. Өткен 6 жылдық жанжалдар кезінде бұл елде 100 мыңдай адамның өмірі қиылған, деген мәлімет айтылуда. Сайлаулардың еркін де демократиялық сипатта болғанына Еуропа кеңесі күдік айтып отыр.
XS
SM
MD
LG