Accessibility links

Ресей экологтары Амур өзені қуриды деп жатыр


Ресей экологтары Амур өзенінің Қытай тарапынан уланайын деп отырғанына қатты алаңдаушылық танытып жатыр, химиялық уланудың зардабы бірнеше жылға созылады, мұның арты экологиялық апатқа ұшырайды деп жатыр. Қытай химиялық зауытында 13 қарашада жарылыс болып, тонналаған химиялық улы заттар Соңхуа өзеніне төгілді. Соңхуа өзенімен келе жатқан улы заттар жақын күндері Амур өзеніне құймақ. Хабаровск қаласының 600 мың тұрғынын сумен қамтамасыз ету дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Ресей өкілдері Амур өзені бойындағы Ресей елді мекендерінің 70 пайызы зардап шегуі мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG