Ресей "Газпром" компаниясы ТМД елдеріне сатылатын газ бағасын көбейткелі отырмыз дейді. Мәселен Грузияға берілетін газдың бағасы келесі жылдан бастап бір мың текше метрі 110 доллар болмақ. Грузия қазір 60 доллардан төлеп отыр. Латвия мен Эстонияға сатылатын газдың бір мың текше метрі 120-125 доллар болмақ. Арменияға сатылатын газ 110 доллар болмақ. Молдоваға сатылатын газ 150-160 доллар болмақ. "Газпром" компаниясы төрағасының орынбасары Александр Рязанов бағаның өсуі саясатпен байланысты емес дейді. Грузия сыртқы істер министрі Зураб Ногайдели өткен аптадағы сөзінде орыс газының бағасы саяси қысым мақсатымен өсіп отыр деген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?