Accessibility links

Беслан дағдарысы жайында қортынды баяндама жарияланды


Солтүстік Осетия парламент комиссиясы былтыр Бесланда адамдарды кепілдікке алу дағдарысы жайында қортынды баяндамасын жариялады. Арнайы комиссия төрағасы Станислав Кесаев отыз беттен тұратын баяндамада жауаптан көрі сұрақ көп деп сипаттады. Былтыр бірінші қыркүйекте Чешен сепаратистерімен сыбайлас жауынгерлер Беслан қаласының мектебінде мыңнан астам адамды кепілдікке алған. Үш күнге созылған дағдарыстың соңы 330 адамның қазасымен аяқталды, олардың көбі – оқушы балалар. Комиссия төрағасы Станислав Кесаев әсіресе федералды үкімет орындары арнайы жасаққа бұйрық беріп, шабуылды қандай жағдайда бастатқаны белгісіз дейді.
XS
SM
MD
LG