ВАШИНГТОН. Ақ Үйдің айтуынша, келесі жылы Ирақтағы АҚШ күштерінің саны азаюы мүмкін. Бұл Ирақ әскерлерінің жауынгерлік дайындығына байланысты болады, деді Ақ Үй өкілі Скотт МакКлелан. Вашингтонда журналистерге берген сұхбатында МакКлелан АҚШ президенті Джордж Буш бұл мәселені сәрсенбі күні көтереді деді. Ал Техаста Буш мырза АҚШ-тың Ирақтағы әскерлеріне байланысты мынадай пікірін білдірді:
“Ирақтағы АҚШ күштеріне байланысты Вашингтонда көп үндеулер айтылып жатқандығын мен білемін. Кейбір адамдар “Әскерлерді дәл қазір шығару керек!” дейді. Бұл өте үлкен қате және ол біздің әскерлерімізге, дұшпандарымызға және Ирақ халқына жаман хабар жолдайды,” - деді Буш.
Ал бұдан бұрын Ирақтың ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Моваффақ әл-Рубаи келесі жылы 30 мыңға жуық АҚШ әскері Ирақтан шығарылуы мүмкін дегенді айтқан-ды.