Accessibility links

“Хьюман райтс уотч”: “...ресми Ташкенттің “Әндіжан трагедиясының” ақиқатын жасырмақ әрекеті енді сот залына да жетіп отыр”


ТАШКЕНТ. Бүгін адам құқын қорғайтын халықаралық “Хьюман райтс уотч” ұйымы Өзбекстан үкіметінің өз өкілдеріне мамыр айындағы “Әндіжан қантөгісіне” қатысты жаңа сот процесін бақылауға рұқсат бермегенін мәлімдеді. Аталмыш ұйымның аймақтық директоры Холли Картнердің атап көрсетуінше, ресми Ташкенттің “Әндіжан трагедиясының” ақиқатын көпшіліктен жасырмақ әрекеті енді сот залына да жетіп отыр. Оның пікірінше, өзбек үкіметі сот процесін “әділ” өтті деп мәлімдесе де, іс жүзінде – толық ақпар беруден жалтарып, сот процесін бақылауға бөгет қойып отыр. Осы айдың басында Ташкентте 15 күдікті 14-тен 20 жылға дейінгі мерзімдерге сотталды.
XS
SM
MD
LG