ВАШИНГТОН. Бүгін Ақ үйден хабарланғандай, Ирақтағы қантөгіс әлі көп жыл жалғасуы мүмкін, бірақ оның ұлттық күштері елдің ішкі қауіпсіздігін өз қолына толық алған соң, Ирақтағы АҚШ армиясы елге қайта алады. Ақ үйде дайындалған “Ирақта жеңіске жетуге арналғанг біздің ұлттық стратегиямыз” атты құжатта осылай делінген. Бүгін АҚШ-тың Мэриленд штатындағы әскери-теңіз училищесінде президент Дж.Буш осы стратегиямен таныстырып сөз сөйлеуге тиіс. Осы сөзімен Дж.Буш “өз әкімшілігінің Ирақта анық стратегиясы жоқ” деген сын пікірге жауап бермекші. Бұл құжат Дж.Буштың “АҚШ әскерін Ирақтан толық шығару – ондағы көтерілісшілерді рухтандыруы мүмкін” деген көзқарасын көрсетеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?
-
Азаттық зерттеуі | 4-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: әкімдер