Accessibility links

Германияның тұңғыш әйел-канцлері экономиканы дағдарыстан шығарудың жоспарын ұсынады


БЕРЛИН. Германияның канцлері болып сайланған тұңғыш әйел А.Меркель ханым бүгін Бундестаг депутаттарын жұмыссыздықпен күресу және елді экономикалық дағдарыстан шығару жоспарымен таныстырып сөз сөйледі. Оның мәлімеуінше, соңғы бірнеше жылда Германия экономикасы дағдарысқа ұшырап, қарыз бұрын-соңды болмағандай ұлғайды, Шығыс Германияның дамуы тоқырап тұр: “Үкімет пен мемлекет алдында тұрған міндет жеңіл емес... Біздің ендігі мақсатымыз – алдағы 10 жылда Германияны Еуропадағы маңдайалды үш экономикалық жүйенің қатарына қайта қосу болып табылады”, деп мәлімдеді Меркель ханым.
XS
SM
MD
LG