Accessibility links

Шығыс Еуропалық елдер өздерінде АҚШ-тың “құпия түрмелері” бар дегенді жоққа шығарып отыр


Шығыс Еуропалық елдердің үкіметтері өздерінде терроризм күдіктілерін ұстайтын АҚШ-тың құпия түрмелері бар дегенді жоққа шығарды. Ондай түрмелердің Еуропаның кейбір елінде болуы мүмкін деген күдікті хабар жанжалды күшейткен еді. Сөйтіп, Еуропа Одағы оны зерттеуге кіріскен болатын.

Бұл жанжал қарашаның 2-сі күні “Уашингтон Пост” газетінде, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының әл-Қаиданың жауынгері деп күдіктелгендерді қамауға алған “құпия түрмелері” Еуропаның кейбір елінде бар болуы мүмкін деген хабардан кейін басталды. “Уашингтон Пост” газеті мұндай құпия түрмелер АҚШ әскерилерінің ішінде “қара түнек орын” ретінде белгілі дегенді жазады. Ол деген бұл түрмелер 2001 жылғы 11-ші қыркүйектегі Құрама штаттарға қарсы террористік шабуылдарға байланысты құрылғанын айтады. Көптеген Шығыс Еуропалық елдер атап өтсек, Румыния, Польша, Болгария, Венгрия, Эстония, Латвия, Литва, Грузия, Армения, Чехия және Словакия елдері өздерінде ондай абақтылар болуы мүмкін дегенді жоққа шығарып отыр. Еуропа Одағының әділет, азаттық және қауіпсіздік жөніндегі комиссары Франко Фраттинидің айтуынша:

“Ең алдымен Комиссия, одаққа мүше елдер мен одаққа қосылудан үміткер елдердің бірқатары бүгінде қоғамдық мәлімдеме жасап өздерінде ондай орындардың бар екенін түбегейлі жоққа шығарғанын атап айтуы керек.”

Бұл тұрғыда Польшаның Қорғаныс министрлігінің өкілі Лесзек Лазчак, Польшаның әскери базаларында Орталық Барлау басқармасының түрмелері жоқ деген.

“Польша аумағындағы әскери нысандарда террористік әрекеттер үшін күдіктеліп ұсталған ешбір адам жоқ. Құрама штаттармен немесе қандай да бір американдық ұйыммен ешқандай келісімдерде жоқ”, - деген Лесзек Лазчак.

Сол сияқты Румынияның ресми өкілі де өз елдерінде Орталық Барлау басқармасының қандай да бір нысандары бар деген хабар жоқ екенін айтады. Демек, Румынияның ақпараттық қызметінің өкілі Мариус Берсару:

“Румынияның Ақпараттық қызметінде, біздің елімізде ондай қамау мекемесінің барлығын растайтын ақпарат жоқ”, - дегенді айтады.

Дегенмен, кейбір Еуропалық парламентарийлер, Польша мен Румынияның бұл жоққа шығарулары өздерінің оған бұрынғы қатыстылығы жөніндегі мүмкін жағдайды ашық күйінде қалдырып отыр деп атап өткен.

АҚШ-та орын тепкен “Human Rights Watch” ұйымы Польша мен Румынияның қатыстылығы турасында қосымша айғақты дәлелдер ұсынады. Бұл ұйымның әскери мәселер жөніндегі сарапшысы Марк Гарласконың Азаттық радиосына айтқанында, топтың әлем бойынша әл Қаида күдіктілерін ауыстыру мен сұраққа алу жөніндегі ақпаратты қалай алғанына тоқталды.

“Бұл ұшақтар жасаған рейске байланысты біз жинақтаған ақпараттар жиынтығы. Сонымен қатар, Ауғаныстаннан босап шыққан адамдармен сөйлескеніміз. Сіз білетіндей, жүздеген адам босатылып шықты және нақты бір уақытта мысалы, Ауғаныстаннан Иорданияға жинап әкетілген ол адамдарды Сіз тауып сөйлесе аласыз. Және сол күндерді тексеріп, біз кейбір ұшақтың тіркелген бағыттарына сәйкестендіре аламыз”, - деді сарапшы Марк Гарласко.

Оның айтуынша, Шығыс Еуропадағы екі ұшақ бағыты, айтылып отырған Орталық Барлау Басқармасының құпия түрмелерінің аймағы ретінде көрініп отыр. Оның сөзіне қарағанда, соның бірі Польшаның Ақпараттық қызметінің штаб пәтеріне жақын “Szymany” әуежайы болып отыр. Ал екіншісі, Румынияның қорғаныс күштерінің ұшу алаңы екенін айтады.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG