Accessibility links

АҚШ әскерлері Ирақтан әзірше шығарылмайды


АННАПОЛИС. АҚШ күштері Ирақтан шығарылсын деген талаптарға қарамастан, президент Джордж Буш Америка Ирақтан әзірше кетпейді деп уәде берді. Дегенмен Буш мырза Ирақ әскерлері елдің қауіпсіздігін толығымен өз қолына алады деп үміттенеді.

“Ирақтың қауіпсіздік күштері елді қорғауға дайын болса және коалиция күштері терроршыларды жойып, Ирақтағы миссиямыз аяқталса, әскерлеріміз абыроймен үйлеріне қайтады,”- деді Буш.

Алайда президент Буш АҚШ әскерлерінің Ирақтан нақты қашан шығарылатындығы жөнінде ешқандай мәлімет бермеді. Ол Ирақ күштерін жаттықтыру үшін “уақыт пен сабыр” керек деді. Бұл мәлімдемесін Буш мырза кеше АҚШ-тың Мэриленд штатындағы әскери-теңіз академиясында айтты. Ал АҚШ демократтары болса президент Буштың бұл жолдауы Американың Ирақтағы саясатына қатысты күдіктерді жоймады дейді.
XS
SM
MD
LG