Accessibility links

Шимон Перес Ариель Шаронның партиясына қолдау танытты


Израилдегі жетекші саясаткерлердің бірі Шимон Перес өзінің Еңбек партиясынан кетіп, алдағы наурыз айында болатын парламенттік сайлауларда Ариель Шарон құрған жаңа партияға қолдау танытатынын мәлімдеді. Иерусалимде сәрсенбі күні жасаған бұл мәлімдемесін толықтыра келе, ол Израилді Палестинамен бейбіт жағдайға бастау ісінде Шарон ең жақсы таңдау деген.

“Менің білуімше, қазіргі саяси құрылымда бейбіт үдерісті тек бейбіт одақтасып, даму арқылы алға жылжытуға болады. Менің пікірімше, ол одақтастыққа лайық адам нәтижелері көрсетіп отырған премьер министр Ариель Шарон”, - деген ол.

Перес пен Шарон осы жылдың басында бірлесіп, Израиль әскерлері мен еврей тұрғындарын Газа аймағынан көшіруге ықпал еткен болатын.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG