Accessibility links

Бүгін Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні


Азия елдерінде бұл күн аурудың қаншалықты қауіптілігін түсіндіретін шерулермен аталып өтуде. Камбоджия астанасында мыңдаған адам қауіпсіз жыныстық қатынас туралы хабарламалар жазылған жалауларды желбіретсе, Австралия елі Үндістандағы бұл дерпен күресті қолдау үшін шамамен 7 миллион доллар жұмсап отырғанын хабарлады. Ал, Қытай болса миллиондаған мигрант жұмыскерлерге СПИД-ті қоздыратын ВИЧ инфекциясы жайында дәріс беру науқандарына кіріскен. БҰҰ-ы өзінің жылдық баяндамасында бұл дерттің қаупі күшейіп бара жатқанын айтқан. Ұйымның есептері бойынша, әлемде 40 миллион адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған.
XS
SM
MD
LG