Киев. Украинаның ауылшаруашылық министрі бүгін Қырымда ауырып өлген құстардың алдын-ала жасалған анализдері олардың ажалына себеп болған құс тұмауы вирусы екендігін көрсетті дейді. Министрлік қызметкерлері батыстың жаңалықтар агенттігіне берген сұхбатында H5N1 вирусы Қырымның Советский және Нижнегорский аймақтарында үй құстары - үйрек-қаз бен тауықтардан табылғандығын айтқан. Ассошайтед пресс агенттігі енді бұл анализдер Англия мен Италияның лабораторияарында тағы да арнайы тексеруден өткізіліп, оның шындығында Азияда 60-тан астам адамды опат етіп, Европада тарала бастаған H5N1 вирусы екендгіне нақты көз жеткізу керек болады деп хабарлайды. Бүгін ертерек Украинаның денсаулық сақтау министрі Қырымның оңтүстігіндегі сегіз ауылда үй құстарының жаппай өлгендігін растады. Интерфакс агенттігі жекеменшік фермалардағы үй құстарының 90 процентке жуығы ауырып өлді деген хабар берді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?