Accessibility links

АҚШ әскерилері желтоқсан айының басынан бері Ирақта 14 американ солдаты опат болды дейді


Бағдад. Жұма күні Фаллужаға жақын жерде американдық 10 теңіз жаяу әскері көлік бомбасы жарылысында құрбан болған. Ақ үйдің өкілі Скот Макклеллан Америка құрбан болған жауынгерлерді мәңгілік алғыс білдіріп, есте сақтайды деді:

- Біз өмірдің қиылғанына қайғырамыз, бір солдат немесе 10-11 солдат қаза болса да, оның қайғысы бірдей ауыр. Біз олардың отбасыларына көңіл айтамыз. Олар маңызды іс жолында құрбан болды. Біз олардың алдында мәңгі қарыздармыз және ұмытпаймыз.

Жұма күні Насирия қаласында үш жасақ опат болған. Бұл аралықта «әл-Жазира» телеарнасы егер 8 желтоқсанға дейін АҚШ пен Ирақтың түрмелеріндегі барлық тұтқындар босатылмайтын болса, кепілдікке алынған Батыс елдерінің төрт бітімгершілік қызметкерін өліммен жазалаймыз деп қорқытқан барымталап әкеткендердің видеотаспасын көрсеткен.
XS
SM
MD
LG