Accessibility links

Арменияда тағы бір оппозициялық демонстрация өтті


Арменияда конституциялық референдум қортындыларына қарсы кеше тағы наразылық демонстрациясы өтті. Оппозицияны қолдаған екі мыңдай азамат ел астанасы Ереванда бейбіт демонстрация өткізді. Оппозиция басшысы Арам Саркисян полиция демонстрациядан соң бірнеше белсендімізді қамауға алды дейді. Ресми өкілдер жексенбі күні өткен референдумда сайлаушылардың 94 пайызы президент Роберт Кочарян кіргізген ұсыныстарды қолдады деп хабарлаған болатын. Оппозиция мен халықаралық бақылаушылар референдум қортындыларына күмән келтіріп отыр.
XS
SM
MD
LG