Accessibility links

ЕҚЫҰ-ы: “...президент сайлауының еркін өтуі үшін өзінің 24 ескертпесін Қазақстан үкіметі ескермеді”


АСТАНА. Бүгін Қазақстанда кезекті президент сайлауы басталды. Республиканы 1989-ыншы жылдан бері билеп келген президент Н.Назарбаевпен бірге 5 үміткер дауысқа түсуде. Алайда олардың ішінен оппозициядан ұсынылған ортақ үміткер Ж.Тұяқбай - Н.Назарбаевтың ең басты бәсекелесі болып саналады. Н.Назарбаевтың осы жолғы сайлау әділ өтеді деп уәде беріп, тіпті арнайы жарлыққа қол қоюына қарамастан, кеше Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сайлаудың әділ де еркін өтуін қамтамасыз етуге бағытталған өзінің 24 ескертпесін Қазақстан үкіметі ескермеді деп мәлімдеді. Онда Қазақстан билігінің 24 ескертпенің “санаулысын” ғана орындағаны айтылады. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы бұл ескертпелер түгел орындалды деп мәлімдеп, Еуропалық ұйымның сынын қабылдамады. Оппозиция мен халықаралық бақылаушылардың ортақ пікірінше, республиканың баспасөз құралдары негізінен қазіргі президентті көп насихаттап келді және сайлау науқанына президент әкімшілігі негізсіз араласты. Сайлаудың бастапқы қорытындысы сайлау аяқталғаннан кейін бір тәуліктің ішінде жариялануға тиіс.
XS
SM
MD
LG