Accessibility links

Пәкістанда “Әл-Қаида” ұйымы қолбасшысының қазасы туралы қарама-қайшы хабар шығып отыр


ИСЛАМАБАД. Кеше Кувейтке барған сапары барысында Пәкістан президенті П.Мушарраф өткен бейсенбі күні елдің Вазиристан өлкесіндегі зымырандық соққыдан “Әл-Қаида” ұйымының көрнекті қолбасшыларының бірі Хамза Рабияның құрбан болғанын растады: “Ия, шынында да ол 200 процентке расталды. Ол біздің Солтүстік Вазиристан өлкесінде болды, Мирали деп аталатын қала маңында...”

Ағылшын тілінде шығатын “Пәкістан таңы” газеті ақпарат көзін нұсқамай Солтүстік Вазиристан өлкесіндегі тұрғын үйде зымырандық соққыдан қаза тапқан 5 адамның ішінде “Әл-Қаида” ұйымы қолбасшыларының бірі Хамза Рабияның болғанын жазды. Алайда кеше “Әл-Арабия” телеарнасы Рабияның өлгенін жоққа шығарған адаммен байланысқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG