ӘЛ-КУВЕЙТ. Кувейтте сапарда жүрген Пәкістан президенті Первез Мушарраф: “Ия, шынында да ол 200 процентке расталды. Ол біздің Солтүстік Вазиристан өлкесінде болды...” деп “Әл-Қаида” ұйымы басшыларының бірі Әбу Хамза Рабия мен тағы басқа 5 экстремистің қаза болғанын растады. Алайда олардың қандай жағдайда қаза болғаны әлі белгісіз. АҚШ-тың Эн-Би-Си телекомпаниясы Пәкістанның таулы Вазиристан өлкесіндегі әлгі экстремистер паналаған үйді АҚШ-тың ұшқышсыз самғайтын “Предатор” ұшағы зымырандармен атқылады деп мәлімдеді. Зымыран тиген кезде үйдегі оқ-дәрілер жарылған. Жарылыстан мысырлық Әбу Хамза Рабиямен бірге тағы 3 араб пен 2 пәкістандық экстремистің көзі жойылған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?