ЛЮБЛЯНА. Бүгін Еуропа Одағы Өзбекстан, Беларуссия және Түркіменстанды адам құқықтары бойынша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы алдындағы міндеттемелерін орындауға шақырды. Словения астанасы – Любляна қаласында басталған аталмыш еуропалық ұйымның 2 күндік конференциясында бүгін Еуроодақтың өкілі Ян Персон Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болып қабылданған кезде жауапкершілігіне алған ережелерді осы 3 мемлекеттің бұзап келе жатқанын атап көрсетті. Ол Өзбекстан үкіметінің мамыр айында Әндіжан қаласындағы халық толқуын аяусыз басып-жаншығанын мысалға келтірді.