ЛЮБЛЯНА. Бүгін Словенияның астанасы – Любляна қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 40-қа жуық елдің сыртқы істер министрлерінің 2 күндік отырысы басталды. Оның барысында осы құрылымға әсіресе Ресей жағынан айтылған сын пікірлер талқылануға тиіс. Кеше Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей лавров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлау барысын бақылайтын амал-тәсілін ащы сынға алды. Ол Еуропалық ұйымды әділ емес деп айыптады.