Accessibility links

Қазақстандағы сайлаудың барысын қадағалаған халықаралық бақылаушылар оған қарама-қайшы баға беріп отыр


АСТАНА. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда кеше болып өткен сайлауда жеңіске жетісімен қазіргі президент Н.Назарбаев саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыра беруге уәде берді. Бүгін Астанада сөйлеген сөзінде ол Қазақстан халқы “төңкеріс үшін емес, елдің тұрақтылығы үшін дауыс берді” деп мәлімдеді. Тәжікстан мен Қырғызстан президенттері Эмомали Рахмонов пен Құрманбек Бәкиев “Н.Назарбаевтың жеңісі - қазақ халқының өз лидерінің саясатын қолдайтынын көрсетіп берді” деп атап көрсетіп, оны құттықтады. Алайда Қазақстандағы сайлаудың барысын қадағалаған халықаралық бақылаушылар оған қарама-қайшы баға берді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы “сайлау – демократияның халықаралық стандарттарына лайық емес” деп мәлімдесе, ағылшын парламентінің өкілдері сайлаудың әділ өткеніне күмән келтіретін “ешқандай негіз болған жоқ” деп бағалады.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG