Жексенбідегі сайлауларда жеңіске жеткен елбасы өз жақтастары алдында сөйлеген сөзінде Қазақ халқы төңкеріс үшін емес тұрақтылық үшін дауыс берді, деді. Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымы өкілінің айтуынша, сайлау әкімшілігіндегі сайлау күніне дейінгі кейбір ілгерілеушіліктерге қарамастан, 4-ші желтоқсандағы Қазақстан елбасылық сайлаулары демократиялық сайлау өткізудегі аталған ұйымның және халықаралық басқа да талаптарға сай келмеді.