Accessibility links

Израиль күштері Батыс жағалаудағы ауылдарда рэйд жүргізіп, сегіз адамды қамауға алды


Ұсталғандардың төртеуі дүйсенбі күні Израилдың Нетания қаласындағы сауда үйінің алдында жарылыс жасаған жанкештінің әкесі мен үш ағасы екені айтылуда. Ол жарылыста 5 адам қаза болып, бірнеше адам жараланған болатын. Бұл тексеру операциялары премьер-министр Ариэль Шаронның қауіпсіздік және қорғаныс министрлерімен төтенше кеңес өткізгеннен соң басталған. Ислам жихады бұл жарылысты Израиль күштерінің таяуда өз мүшелерін өлтіргеніне жауап екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG