Accessibility links

Бүгін Саддам Хуссейн соты 23 жыл бұрын орын алған шиитер қырғынына куәгерді сұраумен қайта жалғасты


Саддам соттағы бұл күнін өзінің үзеңгілестеріне, “қайырлы таң заңды сыйлайтын бәріңізге”- деп сәлемдесумен бастаған. Сот отырысы оқиғаға куәлік жасайтын әйелдің дауысы танылмайтындай болуын қамтамасыз ету мақсатындағы техникалық проблемаларға орай үзіліс жасады. Одан кейін ол әйел өзі мен басқа әйелдердің түрмеде қалай азапталып-жәбір көргенін айтқан. Дүйсенбі күні алғашқы куәгер сұралғанда, Саддам Хуссейннің сол кездегі азаптауынан аман қалған ол, 1982 жылы шиитердің Дужайл қаласында адамдарды қалай қинап-жәбірлегені туралы айтып берген болатын. Саддам ол айтылғандарды мойындаудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG