ВАШИНГТОН. Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері мен АҚШ кемінде 400 жауынгерден тұратын бітімгершілік бригадасын 6 ай мерзімге Ауғанстанға орналастыруға ресми түрде келісті. Украина келесі жылы осы бригаданы Румыниядан әуе арқылы Ауғанстанға жеткізуге міндеттеме алды. Кеше Вашингтонда болып өткен бас қосу барысында Украина, сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің қорғаныс министрлері тобының толық мүше болып қабылданды. Бұл топқа Албания, Болгария, Хорватия, Грекия, Италия, Македония, Румыния, Словения, Түркия, Украина және АҚШ кіреді. Босния-Герцоговина мен Сербия-Черногория және Молдова – бас қосуға бақылаушы ретінде қатысты. Украинаның қорғаныс министрі А.Гриценко осы мүше болып кіруді Украинаның НАТО-ға қабылдануна мүмкіндік туғызады деп бағалады.
Украина – Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің тобына мүше болып, енді НАТО-ға ертерек қабылдануға үміт артады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?