Accessibility links

Бүгін Мысырда парламент сайлауының кезекті туры өтеді


ҚАЙЫР. Бүгін Мысыр халқы көп сатыдан тұратын парламент сайлауында дауыс береді. Сайлаудың бүгін өтетін турында Мысыр парламентіне 9 аймақтан 127 депутат сайлануға тиіс. 9-ыншы қарашада басталған парламент сайлауының алғашқы 3 туры ресми биліктің дауыс беру барысына өрескел араласуына наразылық ретінде жаппай тәртіпсіздіктің шығуымен шырқы бұзылды. Кеше АҚШ Мысыр үкіметінен демократия мен адам құқын қорғау және сөз бостандығын қамтамасыз ету туралы міндеттемесін орындауын талап етті. Ресми түрде тыйым салынған “Мұсылман бауырластығы” ұйымы әзірше парламенттегі 454 депутаттық орынның 76-сына ие болды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG