Accessibility links

Румынияда АҚШ-тың 4 әскери базасын орналастыру туралы келісімге келген К.Райс бүгін Киевте Украина президентімен келіссөз өткізеді


КИЕВ. Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс сапармен Киевке келіп, Интерфакс-Украина агенттігінің Киевтегі АҚШ елшілігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бүгін украин президенті В.Ющенкомен келіссөз өткізеді және Т.Шевченко атындағы Ұлттық университеттің студенттері алдында сөз сөйлейді. К.Райс ханым бірқатар Еуропа елін сапармен аралап жұр. Дүйсенбі күні ол Германияда, ал сейсенбі күні Румынияда болды. Кеше АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Бухаресте Румыния президентімен осы елде АҚШ-тың 4 әскери базасын орналастару туралы келісімге қол қойды. Қол қою рәсімінен соң бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында Т.Басеску: “АҚШ-тың әскери базасын орналастыру туралы бұл келісім – қауіпсіздіктің дүниежүзілік жүйесіне Румынияның өз үлесін қосуына мүмкіндік береді. Келісімге қол қойылып, оны парламент мақұлдағаннан кейін Румыния осы аймақтағы қауіпсіздіктің тірегіне айналады”, деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG