Accessibility links

Иранда ондаған журналист әуе апатында қаза тапты


Иран газеттері ондаған журналистің өлімдеріне себеп болған әуе апаты жайында ел ресми орындары түсініктеме берсін деп талап қойып жатыр. Иран әскери ұшағы кеше Тегеран қаласының сыртында елді мекенге құлады, ұшақта негізінен журналистер отырған. Апат салдарынан кемінде 116 адам қаза тапты. Бұлардың арасында ұшақ құлаған елді мекендегі адамдар да бар. "Хамшахри" газеті ұшақта техникалық ақау болған көрінеді дейді. Иран бас әскери штабының бастығы Әмір Нами техникалық ақау болса да ұшақ жолға шықты деген мәлімет шындыққа сай емес дейді. Еуропа Одағы, Халықаралық журналистер федерациясы және Түркіменстан Иран еліне көңіл айтты.
XS
SM
MD
LG