Accessibility links

Кондолиза Райс бүгін Украина сапарында жүр


АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс азаптауларға тиым салатын БҰҰ конвенциясына америкалық барлық әскери қызметкерлер әлемнің кез-келген жерінде бағынады деп мәлімдеді. Адам құқықтарын қорғаушылар АҚШ әскері шетелдерде соғыс тұтқындарын азаптауы мүмкін деген болатын. Кондолиза Райс бүгін Украина сапарында жүр. Украинада былтыр демократиялық революция жасалғалы бері мұнда АҚШ тарапынан үлкен басшы алғаш рет келіп отыр. Кондолиза Райс Украина президенті Виктор Ющенкомен кездесіп, Украинаның Еуропа Одағы мен НАТО-ға қосыламын деген ұмтылысын талқылады. Кондолиза Райс Америка Құрама Штаттары Украинаны стратегиялық әріптес ретінде таниды деп көрсетті.
XS
SM
MD
LG