МАЙАМИ. Сәрсенбі күні Майами әуе жайындағы бір адамның қазасына себеп болған төтенше оқиғаның терроризммен еш байланысы жоқ. АҚШ үкіметі осылай деп мәлімдеп отыр. Орландо қаласына қатынайтын ұшақтың 44 жастағы 1 жолаушысы, АҚШ азаматы, өзінің қол жүгінде жарылғыш бар деп мәлімдеген. Әуе жайдың қауіпсіздік қызметінің өкілдері оны ұстамақ болып, әлгі азамат қашып құтыламын деп ұшақтың тепкішегінде оққа ұшты. АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік департаментінің өкілдері әуе жайдың қауіпсіздік қызметкерлері ережеге сәйкес әрекет етті деп хабарлады. Ал әлгі жолаушының қол жүгінен ешқандай жарылғыш табылмады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?