Accessibility links

Воронеж облысында 208 адамға СПИД-ке шалдыққан әйелдің қаны егілген


ВОРОНЕЖ. Ресейдің Воронеж облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыс тұрғындарының қан құю орталығына барған едәуір бөлігіне СПИД дертінің жұғу қатері төнгенін мәлімдеп отыр. Кеше Воронеж облысының бас дәрігері Михаил Чибурконың хабарлағанындай, СПИД дертіне шалдыққан әйелден алынған қан 208 адамға егілген. Осы күні олардың 70-і табылып, алдағы күндері тексеруден өтуге тиіс. Облыс прокуратурасы қан құю орталығының дәрігерлері қауіпсіздіктің барлық ережесін сақтағанын тергеу үшін қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG